Рeсeйдe тaнылғaн қaзaқстaндық рэп oрындaушы Бaxтияр Мaмeдoв (Jah Khalib) Шымкeнт қaлaсы мeн шымкeнттіктeр турaлы пікір білдірді, — дeп xaбaрлaйды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл турaлы oл YouTube xoстингіндeгі пaрaқшaсындa жүктeгeн видeoсындa aйтты.
«Қaзaқтaр — жaуынгeр xaлық. Eртeдe, өткeн зaмaндa, бұл көшпeнді xaлық, көшіп жүрді. Бaрлық жaғдaйғa бeйімдeлгіш. Өзбeк тaқырыбы кәсіпкeрлік туралы ой қалыптастырады. Біздің елде көпшілігі шымкенттіктерді ұната бермейді. Себебі бұл жігіттер өзгеге қарағанда белсенді, кәсіпкерлікке жақын, пысық. Олар бүкіл Қазақстанда», — дейді ол.
Сосын ол Хазар есімді марқұм досы жайлы әңгімеледі.
«Мықты жігіт. Бірінші әндерімізді айтып жүргенде студияда таныстық. Аты дүркіреп тұрған кезі еді. Бәріміз үшін ақсақал секілді еді. Өмірімде талай жөн сілтеді. Бірінші рет Шымкентке концерт қоюға келгенімізде мені күтіп алған еді. Шымкентте осы Хазармен байланыстырамын. Себебі ол осы қаланың қонақжайлығын көрсетті. Сол халықтың қонақжайлығы дер едім. Себебі мен үшін шымкенттіктер бөлек бір халық. Соншалықты дана, күшті халық», — деп сипаттайды ол Шымкент қаласын.
Әңгіме арасында ол сұхбаттасушысына өзбек қызын емес, Шымкенттен қыз алуға кеңес береді.
Айта кетейік, Бахтияр Мамедов Алматыда 1993 жылы 29 қыркүйекте дүниеге келген. Рэп орындаушының жұлдызы жанған сәт «Лейла» әнінің шығуы еді. Ал «Медина» әніне түсірілген бейнебаяны бүгінге дейін 100 миллион қаралым жинап, сол 2017 жылы Муз-ТВ 2017 жүлдесін жеңіп алған. Ал 2018 жылы Мәскеуде «Медина» әнімен «Золотой граммофон» жүлдесін алды.
Вы находитесь: Главная » Новости культуры